Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Сәтбаев қаласының емханасы" ШЖҚКМК
Ресми интернет-ресурс

ТЕГІН ДӘРІЛЕР: ОНЫ ҚАЙДАН ЖӘНЕ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Тегін дәрі-дәрмек алу үшін
1.Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін емханаға, фельдшерлік-акушерлік пунктке немесе дәрігерлік амбулаторияға (отбасылық денсаулық орталығы) тіркелу керек.
2.Науқас АЛО (жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз ету) тізіміне енгізілген ауру бойынша диспансерлік есепте тұруы керек. Ол үшін учаскелік терапевтпен байланысып, тиісті сынақтардан өтіп, мамандандырылған маманның қорытындысын алу керек.
3.Тегін рецептті тек учаскелік терапевт пен арнайы маман береді.
4.Рецепт бойынша берілетін дәріні Медициналық сақтандыру қорымен жұмыс істейтін дәріханадан алуға болады. Дәріханалар тізімін емханаңыздан табуға болады.
5.Дәрі-дәрмекке ақы төлеудің қажеті жоқ, фармацевтке берілген рецепт пен жеке куәлікті көрсету жеткілікті.Сонымен қатар, дәрі-дәрмектерді алу кезінде растау коды бар СМС алу үшін өзіңізбен бірге ұялы телефон болу қажет.

Қандай ауруларға тегін дәрі-дәрмек беріледі?
Келесі аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрған науқастарға мемлекеттік қазына есебінен дәрілік заттар беріледі:
ߔ萶үрек ишемиясы;
ߔ萰ртериялық гипертензия;
ߔ萰ритмия;
ߔ葁озылмалы жүрек жеткіліксіздігі;
ߔ萿ротездік жүрек клапандары бар науқастар;
ߔ葁озылмалы вирусты С гепатиті, оның ішінде бауыр циррозының сатысы;
ߔ萴ельта агенті бар және онсыз вирусты гепатит В;
ߔ萾йық жаралы колит, Крон ауруы;
ߔ萾йық жаралы колит;
ߔ萰сқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы;
ߔ萳ематологиялық аурулар, оның ішінде гемобластоздар мен апластикалық анемия;
ߔ萢емір тапшылығы анемиясы;
ߔ蒛анның коагуляция факторларының тұқым қуалайтын жетіспеушілігі;
ߔ萰утоиммунды аурулар және иммун тапшылығы жағдайлары;
ߔ蒛ант диабеті қант диабеті.