Тіліңізді таңдаңыз

Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Сәтбаев қаласының емханасы" ШЖҚКМК
Ресми интернет-ресурс
Сәтбаев қаласындағы №25 мектептегі ата-аналар жиналысы

№25 мектептегі ата-аналар жиналысы

🩺 2026 жылғы 23 қазанда Сәтбаев қаласындағы №25 жалпы білім беретін мектепте жұқпалы аурулардың алдын алу және балалардың денсаулығын сақтау тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

Кездесу тақырыптары:

🔹 Тұмаудың алдын алу;

🔹 Адам папилломасы вирусы (АПВ) және вакцинация;

🔹 Туберкулездің алдын алу;

🔹 Желшешек: белгілері, жұғу жолдары және алдын алу шаралары.

👩‍⚕️ Спикерлер:

- Абылкасымова Калия Аппазовна — дәрігер-эпидемиолог;

- Сәрсенбекқызы Дина — акушерка.

Кездесу барысында ата-аналарға жұқпалы аурулардың алдын алу, вакцинацияның маңыздылығы және балалардың денсаулығын қорғау жолдары туралы пайдалы ақпарат берілді.

💙 Балалардың денсаулығы — ересектердің қамқорлығы мен ортақ жауапкершілігі!