Ұлттық мереке қарсаңында өз ісіне адал, халық денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. 💙
🏆 Бұл марапаттар — әріптестеріміздің кәсібилігіне, жауапкершілігіне және еңбегіне көрсетілген лайықты құрмет.
💐 Құрметті әріптестер, баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, еңбектеріңізге табыс, жаңа жетістіктер тілейміз! Еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, абыройларыңыз асқақтай берсін!
Еліміз тыныш, халқымыз аман, Қазақстанымыз өркендей берсін! Әр шаңырақта қуаныш, бақыт пен бірлік болсын!
Мереке құтты болсын, қымбатты Қазақстан! 🇰🇿💙





