«Сәтбаев қаласының емханасы» ШЖҚ КМК қызметкерлері BLS, ACLS, PALS және PHTLS халықаралық бағдарламалары бойынша шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған оқудан өтуде.
👩⚕️ Оқытуды осы бағыттар бойынша халықаралық сертификатталған нұсқаушы Науанова Ардак Сериковна жүргізеді.
Сабақ барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, түрлі жағдайларды талқылап, манекендерде практикалық дағдыларын пысықтауда.
💙 Бұл оқыту медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға, төтенше жағдайларға дайындығын нығайтуға және әр секунд маңызды болған сәтте сенімді әрекет етуге көмектеседі.
Кәсібилік, білім және көмек көрсетуге дайын болу — адам өмірін сақтаудың негізі!





