Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Сәтбаев қаласының емханасы" ШЖҚКМК
Ресми интернет-ресурс

Медицина қызметкерлері күні құтты болсын!

Құрметті медицина қызметкерлері!

Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін.

Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш - жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер.

Кәсіби мерекелеріңізбен!