1 қазан — Халықаралық қарттар күні. 👵👴
Бүгін ШЖҚ КМК «Сәтбаев қаласының емханасында» аға буын өкілдеріне арналған Ашық есік күні өтті.
👩⚕️ Профилактика бөлімінің мамандары денсаулыққа қамқорлық жасауға, аурулардың алдын алуға және белсенді ұзақ өмір сүруге бағытталған іс-шара өткізді.
Қатысушылар денсаулықты сақтау бойынша пайдалы ақпарат алып, мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, денсаулығына көңіл бөлуге мүмкіндік алды.
💐 Бұл күн — өмірлік тәжірибесі тарихымыздың маңызды бөлігі болып табылатын жандарға құрмет, алғыс пен қамқорлық білдіруге тамаша мүмкіндік.
❤️ Әр күніңіз қамқорлыққа, жылулыққа, көңіл бөлуге және зор денсаулыққа толы болсын!
#ХалықаралықҚарттарКүні #ДаналықПенМейірімділікМерекесі





