Тіліңізді таңдаңыз

Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Сәтбаев қаласының емханасы" ШЖҚКМК
Ресми интернет-ресурс

Конкурс

Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының «Сәтбаев қаласының емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мына мекенжайда орналасқан кәсіпорын директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды: мекен-жайы: Ұлытау облысы Сәтбаев қаласы, Абай көшесі 5 үй, пошталық индексі 101302,  телефон  , 8 (71063) 35924,                

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

медицина саласында жоғары білімінің; "Қоғамдық денсаулық сақтау"/ "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін)/ "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;       денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы;       не       экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және "Қоғамдық денсаулық сақтау" немесе "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы; денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы.

 "Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.

Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Лауазымдық міндеттері.

Денсаулық сақтау ұйымдарындағы өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерді басқарады, қабылданған шешім, мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелері үшін толық жауап береді. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетіктерін анықтайды. Мемлекеттік стандарттарға сай болуы үшін көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметкерлер жұмысын ұйымдастырудың нысаны мен әдістерін жаңадан енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйым қызметінде, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық басқару үшін құқықтық құралдарды пайдалану, шарттық және қаржылық тәртіпті бекіту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне қатысты заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасады, мәміле жасайды. Өз құзырына қатысты мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Конкурс «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығына сәйкес жүргізіледі тағыда басқа.

Конкурс «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығына  және «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдарының Біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы №791 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

1. Еркін формадағы қосымша.

2. Байланыс ақпараты бар түйіндеме.

3. Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі.

4. Білім және біліктілік туралы құжаттардың көшірмелері.

5. Еңбек кітапшасын растайтын құжаттың көшірмесі.

6. Соттылығының бар немесе жоқтығын растайтын анықтама.

7. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы мәліметтердің бар немесе жоқтығын растайтын анықтама.

8. Кәсіби білімін, жұмыс тәжірибесін, біліктілігін арттыруды, ғылыми дәрежесін, басқа да жетістіктерін (бар болса) растайтын өзге де құжаттар.

Құжаттар хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша қолма-қол немесе пошта арқылы тапсырылуы тиіс.

Өтініш берушілер құжаттардың толық емес топтамасын немесе жалған мәліметтері бар құжаттарды ұсынған жағдайда конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында  конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап, 15 күнтізбелік күн ішінде   Абай көшесі, 5 үйде орналасқан «Сәтбаев қаласының емханасы» ШЖҚ КМК 310 бөлмеге тапсырылуы тиіс. Қосымша ақпаратты 8 (71063) 3-59-24  анықтама телефоныарқылы алуға болады.                                                            .

Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлер, әңгімелесуді бекітілген тәртіпте үш күнтізбелік күн ішінде денсаулық сақтау басқармасында  өтеді.

«Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ

Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының

«Сәтбаев қаласының емханасы» ШЖҚ КМК

Для участия в конкурсе кандидат представляет следующие документы:

1. Заявление на участие в конкурсе в произвольной форме.

2. Резюме с указанием контактных данных.

3. Копию документа, удостоверяющего личность.

4. Копии документов об образовании и квалификации.

5. Копию документа, подтверждающего трудовую деятельность.

6. Справку о наличии либо отсутствии судимости.

7. Справку о наличии либо отсутствии сведений о совершении коррупционного правонарушения.

8. Иные документы, подтверждающие профессиональные знания, опыт работы, повышение квалификации, наличие ученой степени и другие достижения (при наличии).