Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Сәтбаев қаласының емханасы" ШЖҚКМК
Ресми интернет-ресурс

ӘМСҚ-да ШОБ субъектілеріне МӘМС мәртебесін алу үшін қызметкерлер тізімін өзектендіру туралы еске салады

Бұл процедураны шағын және орта бизнес өкілдері тұрақты түрде есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейін жүргізуі керек.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы №721 Қаулысы шықты, құжатқа сәйкес жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері жалдамалы қызметкерлер үшін аударымдарды төлеуден 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылған болатын.

Пандемия кезінде "нөлдік мөлшерлемені" қолданған ШОБ тізіміне: сауда, көлік және техникалық қызмет көрсету, білім беру, медицина, туризм, мейрамхана-қонақ үй ісі, ойын-сауық саласы, бағдарламалық қамтамасыз ету, фитнес және т. б. субъектілер кірді.