Бұл күн созылмалы аурудан зардап шегетін пациенттерге қолдау көрсетудің маңыздылығын және халықтың хабардарлығын арттыру қажеттілігін еске салады.
Бронхиялық астма – тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруы. Ауру адамның өмір сүру сапасын айтарлықтай төмендетуі мүмкін, алайда дұрыс және жүйелі ем кезінде ол толықтай бақылауға алынады.
Астманың себептері әртүрлі: тұқым қуалаушылық бейімділік, аллергендер, ластанған ауа, инфекциялар, күйзеліс, темекі шегу. Қазіргі уақытта экологиялық және тұрмыстық факторлардың маңызы артып келеді.
Диагнозды нақтылау үшін пульмонолог және аллерголог мамандарына жүгіну қажет.
Бронхиялық астманы емдеу кешенді түрде жүргізіледі және оған қабынуға қарсы терапия, симптоматикалық ем, сондай-ақ оңалту шаралары кіреді.
Пациенттерді ингаляторды дұрыс қолдануға, ентігу немесе тұншығу ұстамасы кезінде өзіне қалай көмектесу керектігіне үйрету өте маңызды.
Бронхиялық астманың профилактикасы біріншілік және екіншілік болып бөлінеді.
Біріншілік профилактика – аурудың пайда болуын болдырмауға бағытталған.
Екіншілік профилактика – пациенттің жағдайын жеңілдетуге, жедел тұншығу ұстамаларының алдын алуға және асқынулардың пайда болуын болдырмауға арналған шаралар кешені.
Қазіргі уақытта бронхиялық астма – үкім емес. Заманауи емдеу әдістері, өзін-өзі бақылау және медициналық қолдау бұл диагнозы бар адамдарға толыққанды, белсенді өмір сүруге мүмкіндік береді.
Ең бастысы – ауру туралы үндемей жүрмеу, уақытылы дәрігерге жүгіну және мамандардың ұсынымдарын орындау.





