+7 (71063) 7-99-66

IMG-20240208-WA0062.jpg

kmfk_mzrk_1707299485014524.jpg

Соңғы кездері БАҚ пен әлеуметтік желілерден дәрігерлерді науқастардың балағаттап жатқаны туралы жаңалықтарды жиі оқып жүрміз. Көп жағдайда қоғам медицина қызметкерлеріне қатысты мұндай әрекеттерді заңға сәйкес жолын кесу қажет жол берілмейтін әрекет ретінде қабылдады.

Медициналық қоғамдастықта жыл сайын медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау мәселелері көтеріледі. Бұл бағытта Денсаулық сақтау министрлігі депутаттармен, медициналық қоғамдастықпен және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп белсенді жұмыс жүргізуде.

Біздің азаматтарымызды хабардар ету мақсатында бүгінгі күні медицина қызметкеріне құрметсіздік білдіргені және медицина және фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін норма бар екенін еске салғымыз келеді.

Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 80-1 – бабына сәйкес медицина және фармацевтика қызметкерлеріне өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде былапыт сөйлеуден, әбес қылықтар (белгілер) мен заттар көрсетуден, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан көрінген құрметтемеушілік таныту - жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

 

Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер - жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - жетпіс, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Осы баптың екінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер - он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер - жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Айта кетейік, медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіру, сол сияқты олардың кәсіптік қызметіне:

- қылмыстық жауаптылыққа алып келмейтін заңсыз әрекеттер жасауды талап етуден;

- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерін өздерінің кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартудан;

- медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдырудан;

- медицина және фармацевтика қызметкерлеріне тауарларды (жұмыстарды) және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттерді жүктеуден көрінген заңсыз араласу - жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

«Медициналық көмектің бірыңғай топтамасын қалыптастыру қажет. Мемлекет кепілдік беретін медициналық қызмет оның базалық бөлігі болуға тиіс. Келесі бөлігі жұмыс берушілер мен азаматтардың жарналарынан құралатын сақтандыру қаражаты есебінен жасақталуы керек. Жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттырған жөн.

Әлеуметтік жағынан осал топтағы кейбір азаматтар үшін медициналық сақтандыру жүйесіне аударылатын төлемдер жергілікті бюджеттен бөлінуге тиіс.

Сонымен қатар, медицина инфрақұрылымын дамыту – өте маңызды міндет. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша 655 нысан салу жоспарланған еді. Іс жүзінде оның тек 85-і ашылған. Мұның бәрі жұмыстың тиімсіз жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Жобалық-сметалық құжаттар тым баяу әзірленді, құрылыс ұзаққа созылды немесе нысандардың құны қымбаттап кетті деген себептер айтылып жүр. Мұның қай-қайсысы да – құр сылтау. Басқа себебі жоқ деп ойлаймын. Қажет болса, министр де, әкім де кез келген мәселені шұғыл шеше алады. Демек, сондай ниет болмай тұр деген сөз.

 

Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен жаңа форматтағы 369 мектеп салу жоспарланған. Мұнда техникалық құжаттар дер кезінде әзірленбеген, жер де уақытылы бөлінбеген. Оған қоса, отандық өндірушілердің көбі жаңа мектептердің құрылысына қатыса алмайтынын айтып, шағымданып жүр. Үкіметке, әкімдерге және «Самұрық-Қазына» қорына ұлттық жобаларды жүзеге асыруға кедергі болып жатқан барлық мәселені дереу шешуді тапсырамын»

FB_IMG_1707288162382.jpg

Флюорография деген не?

Флюорография — флуоресцентті экран арқылы түсірілген кескін. Ол пациенттің денесінен (мысалы, кеуде қаңқасынан) рентген сәулелерінің өтуі арқылы жасалады.

Зерттеудің негізгі принциптері:

* Зерттеу жүргізер алдында бірнеше сағатқа темекі шегуден бас тарту керек – бұл анық және айқын көріністі алуға мүмкіндік береді.

* Емшара басталғанға дейін дененің жоғарғы бөлігін ашып, емшара алдында барлық металл заттарды (шынжырлар, кулондар т.б.), сондай-ақ бет пен денеден құрамында металл бар косметиканы алып тастау керек.

* Әйелдерге бюстгальтер шешуді немесе ілгекті шолуға түспеу үшін белге түсіруді талап етеді;

* Ұзын шашты суретке кедергі жасамауы үшін төбеге жинап тастау ұсынылады.

* Зерттеу тек тік жағдайда жүргізіледі, сондықтан ол жатқан науқасқа тағайындалмайды.

* Флюорография кезінде рентгенологтың барлық ұсыныстарын дәл орындау керек. Сурет барынша терең демалғанда жасалады - бұл кезеңде өкпе жақсы ашылып, толық суретті алуға мүмкіндік береді.

* Зерттеу кезінде рентген сәулелері арқа жақтан өтіп аса сезімтал пленкасы бар кассетаға түсіп, ары қарай зерттеуге мүмкіндік береді.

Флюорографияны не үшін жасау керек?

Флюорограмма дені сау, бұрын ешқандай өкпе ауруларымен ауырмаған адамда қалыпты болады. Флюорография нормасы – қара дақтарсыз өкпе суреті.

Патологиялық флюорограмма – бұрын ауырған немесе бар ауруды куәландыратын өзгерістер анықталғанда болады:

• түрлі қатерсіз және қатерлі ісіктер;

* қабыну ошағы;

* фиброз;

* өкпе туберкулезі;

* бөгде денелер;

* ішкі органдар тіндерінің некрозы;

* абсцесстер.

 

Уақытылы флюрографиялық тексеруден өтіңіз! Денсаулығыңызды күтіңіз!

IMG-20240207-WA0038.jpgSpecial_Investigations_In_Cardiology__Radiology_And_Electrocardiography_ECG.jpeg

baiganin_rb_aktobe_1707128128635510.jpg

📌 Қызылшаға қарсы вакцинация - вирус талуының алдын алу мен қоғам қауіпсіздігінің кілті!

Екпе алу - нақты емі жоқ қызылша ауруынан тиімді қорғайды. 

МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ МӘРТЕБЕ МЕН ТӨЛЕМДЕРДІ ЕНДІ БАНК ҚОСЫМШАЛАРЫНДА ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ

▶️Медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру қызметі (сақтандырылған/ сақтандырылмаған) енді Қазақстан Халық банкі, ЦентрКредит Банкі және Kaspi Bank мобильді қосымшаларына енгізілді.

▶️Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексерудің және соңғы 12 айдағы төлемдерді көрсетудің қолжетімді тәсілдерін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізуде. Енді бұны кейбір екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) мобильді қосымшаларында жасауға болады.

▶️Алдағы 12 айға жасалған төлемдер мен мәртебені Халық банкінің қосымшасы арқылы тексеруге болады. Ол үшін Halyk мобильді қосымшасын орнатып, авторизациядан өтіп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін таңдап, ізінше «МӘМС» бөлімшесінде ЖСН жазу керек. Halyk арқылы медициналық ұйымға тіркелгені туралы ақпарат қолжетімді. «Мемлекеттік қызметтерге» кіріп, «Анықтамалар» батырмасын басқан кезде тұрғылықты мекенжайы, емхананың атауы, тіркелген күні көрініп тұрады.

▶️Алдағы 12 айға жасалған төлемдер мен мәртебені ЦентрКредит Банкінің қосымшасы арқылы да білуге болады. BCC.KZ мобильді қосымшасын орнатқаннан кейін, авторизациядан өтіп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін таңдап, ізінше «МӘМС туралы ақпарат» бөлімшесінде ЖСН жазу қажет.

▶️Сондай-ақ Kaspi.kz мобильді қосымшасын орнатып, Kaspi Bank қосымшасында сақтандырылған мәртебесін тексеруге болады. Авторизациядан өткеннен кейін «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіріп, ары қарай «МӘМС мәртебесін» таңдау керек.

Соңғы 12 ай ішінде төленбеген кезеңдер болса, оларды банк қосымшаларында төлеуге болады. Төлемдер тексерілгеннен кейін «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәртебесі беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтар мәртебесін келесі қосымшалар арқылы тексере алады:

• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

• fms.kz ресми сайты

• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot

• 1414 байланыс орталығы

• Damumed мобильді қосымшасы.

▶️Сондай-ақ, Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.