+7 (71063) 7-99-66

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні, көктемгі жаңарудың, ырыс пен ынтымақтың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс және ізгі бастамаларыңызға табыс тілейміз!

Көктемнің шуақты әз-Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, баянды бақыт пен бақ-береке әкелсін!

Ұлыс оң, ақ мол болып, жыл берекелі болсын!

Ізгі ниетпен,
ШЖҚ КМК"Сәтбаев қаласының емханасы"


КГП на ПХВ "Поликлиника г.Сатпаев"sdtgedtg3.jpeg

 

IMG-20240318-WA0046.jpg

Туберкулез - ежелгі жұқпалы аурулардың бірі. Роберт Кох 1882 жылы туберкулез қоздырғышын ашты және бұл жұқпалы ауру екенін дәлелдеді. XX ғасырға дейін туберкулез іс жүзінде емделмейтін болған. Туберкулез әлемдегі ең көп таралған инфекциялардың бірі. Микроскоп астындағы туберкулез микробы қатты ұлғайған кезде кішкентай таяқша тәріздес болып көрінеді, сондықтан туберкулез таяқшасы деп аталды.
Туберкулез дегеніміз не?
Туберкулез - бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез - бұл тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының - сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардың да зақымдануы. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі.
Жұқтырудың негізгі көзі - туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам.
Туберкулез қалайша тарайды?
Туберкулез адамнан адамға ауамен таралады. Жөтелгенде, түшкіргенде немесе қырғанда өкпе туберкулезі бар адамдар ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Жұқтыру үшін адамға осындай бактериялардың аз ғана мөлшерін дем алуы жеткілікті. Туберкулез қоздырғышының сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталу қабілеті бар, мысалы, микобактериялар тозаңданған, көгерген үй-жайларда адам үшін қауіпті болып қала отырып, жылдар бойы өмір сүруге қабілетті. Науқас адам жөтелгенде қақырықпен бірге, түшкіру, сөйлеген кезде қоршаған ортаға 2-6 м радиуста ауада таралатын миллиондаған микобактерияларды бөледі, олар еденге, заттарға шаңмен бірге тұнады және көптеген жылдар бойы өміршең болып қалуы мүмкін.
Туберкулез ауруына тек адамдар ғана емес, сонымен қатар малдар да шалдығады: сиыр, ешкі, бұғы, түйелер. Ауру жануардың сүті, немесе еті адам үшін жұқтыру көзі болуы мүмкін.
Науқас өмір сүретін жерде санитариялық жағдайлар мен сақтық шараларын сақтау өте маңызды.
Егер өкпе туберкулезімен ауыратын науқас барлық гигиеналық талаптарды сақтаса, онда ол айналадағыларға қауіпсіз. Өкпе туберкулезі тұқым қуаламайды. Туберкулез ауруымен ауыратын ата-аналардың балалары сау болып туады. Алайда, барлық сақтық шараларын сақтамаған жағдайда бала туберкулезді жұқтырып, ауырып қалуы мүмкін.
Туберкулез микобактериялары адам ағзасына түскен кезде ауру жұқтырылады, бірақ туберкулез ауруының дамуы әр жағдайда болмайды. Өкпе туберкулезінің ауруы иммунитет төмендеген, жеткіліксіз тамақтану, қанағаттанарлықсыз санитариялық-гигиеналық жағдайларда орын алады. Негізінен иммунитеті нашар жас балалар, жыныстық жетілу кезеңіндегі жасөспірімдер және иммунитеті төмен қарт адамдар ауырады.
Туберкулез ауруына ықпал ететін факторлар
1. Толыққанды тамақтанудың болмауы.
2. Туберкулезбен ауыратындармен тығыз, ұзақ қарым-қатынас жасау (кішкентай балаларға қысқа мерзімді қарым-қатынастың өзі жеткілікті).
3. Маскүнемдік.
4. Темекі шегу.
5. Нашақорлық.
6. Ілеспе аурулардың болуы (диабет, асқазан жарасы, өкпенің созылмалы аурулары).

Туберкулез белгілері?
1. Ұзақтығы екі аптадан асатын жөтел
2. Шаршау және әлсіздік
3. Дене салмағының төмендеуі
4. Температураның ұзақ көтерілуі
5. Түнде тершеңдік
6. Кеуде қуысындағы ауырсыну
7. Қан түкіру

Туберкулезді қалай анықтауға болады?
1. Тері туберкулин сынамасы (Манту) адамның жұқтырғанын көрсетеді.
2. Рентгенологиялық тексеру (флюорография) өкпенің зақымданғанын көрсетеді.
3. Қақырықты зерттеу жөтел кезінде бөлінетін микробтардың бар-жоғын анықтайды.

Туберкулездің алдын алу шаралары
1. Салауатты өмір салты. Бұл мақсатқа жету үшін ең жақсы жолы - күн тәртібін құру және ағзаны шынықтыру.
2. Таза ауада серуендеу, күн және су процедуралары, дене шынықтырумен айналысу, демалыс пен еңбек жүктемесінің дұрыс үйлесімі, толыққанды, дәрумендерге бай тамақтану, жеткілікті және уақтылы ұйқы, яғни дұрыс гигиеналық тәртіп адам ағзасының нығаюына ықпал етеді және оны туберкулез ауруынан қорғайды.
3. Жыл мезгіліне қарамастан, таза ауада мүмкіндігінше көбірек болу қажет, өйткені таза ауа ағзаға жақсы әсер етеді және шынығудың тамаша жолы болып табылады.
4. Жеке гигиена ережелерін сақтау: жуу құралдарын және ағынды суды пайдалана отырып, қолды, ыдыстарды жуу, тұрғын үй-жайларды ылғалды жинау және желдету, ет пен сүтті міндетті термалық өңдеу, жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды пайдалану, су процедуралары — сүртіну, құю, душ.
5. Жөтел этикетін сақтау
6. Гигиеналық тәртіптің маңызды бөлімі дұрыс тамақтану болып табылады. Адам тәбетінің жоғарылауына ықпал ететін және ағзамен жақсы сіңіретін түрлі тағамдарды жеу керек. Тағам құрамына ақуыздар, майлар мен көмірсулардан басқа, міндетті түрде витаминдер мен минералды тұздар кіруі тиіс. Ақуыздар ет, сүт, сүзбе, жұмыртқада болады; көмірсулар - қант, нан, картоп, жармада. Витаминдер мен минералды тұздар негізінен жаңа піскен көкөністер мен жемістерде болады.
7. Туған кезде БЦЖ-мен міндетті түрде вакцинациялау және 6-7 жаста қайтавакцинациялау.
8. Туберкулезді дер кезінде диагностикалау.

❗️"САҚТАНДЫРЫЛҒАН" МӘРТЕБЕСІ СІЗГЕ БАРЛЫҚ ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ҚҰҚЫҚ БЕРЕДІ

✨️ медициналық көрсеткіштер болған жағдайда ✨️ тіркелген жері бойынша емдеуші дәрігерден жолдама болған жағдайда ☝️ Мәртебе соңғы 12 айдағы тұрақты жарналар мен аударымдар болған кезде немесе жарналарды бір жыл бұрын алдын ала төлеген кезде беріледі.

IMG-20240315-WA0072.jpgIMG-20240315-WA0073.jpgIMG-20240315-WA0075.jpgIMG-20240315-WA0077.jpgIMG-20240315-WA0078.jpgIMG-20240315-WA0079.jpgIMG-20240315-WA0080.jpg

IMG_20240313_120123.jpg

Совершая анонимные звонки, ты попадаешь пол уголовную ответственность

Баршаңызды 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Сіздер – ер-азаматтардың басты шабыттандырушы күші, сенімді өмірлік тірегісіздер. Сіздердің арқаларыңызда бүкіл әлем шуақ шашып, адамдар бір-біріне мейірлене түсетіндей.

Биылғы көктем сіздерге қуаныш, сәттілік, жақсылыққа үміт, бейбітшілік, шаңырақтарыңызға тыныштық пен береке ала келсін!

Әйел – әдеміліктің асыл тәжі. Әрдайым көрікті әрі сүйікті болып, бақытқа бөлене беріңіздер!

 

27bf7398-506c-419c-84b9-b5c803391fa0.jpeg

Жыныстық жолмен таралатын жұқпа (ЖЖБЖ) - бұл аурулар тобы, жыныстық қатынас арқылы таралатын ауру. АҚТҚ- жұқпасы – бұл ауру, адамның иммунитет жетіспеушілігін тудырған жұқпа. ЖҚТБ – адамның иммундық жүйесінің бұзылуынан пайда болған ауру. Бұл АҚТҚ-жұқпасының (терминалды) соңғы кезеңі. Қоздырғыш адамның ағзасында он жыл немесе бірнеше жылдар бойы, адам аурудың белгілерін сезінгенше өмір сүреді. Бұл кезең ішнде адам өзін сау сезінеді және бұл қоздырғышты басқа адамдарға таратады.

Әлемдік статистика!

Әрбір алтыншы адам қандай да бір жыныстық жолмен берілетін жұқпамен зардап шегеді. АҚТҚ мен өмір сүретін 9 және  10 адам жыныстық жолмен таралатын жұқпа ауруымен ауырғанын білмейді (ЖЖБЖ) – бұл  топтар жыныстық жолмен берілетін байланыста жұқпаланғандар. АҚТҚ-жұқпасы – бұл ауру, адамның иммунитет жетіспеушілігін тудырған жұқпа. ЖҚТБ – адамның иммундық жүйесінің бұзылуынан пайда болған ауру.

Қоздырғыш адамның ағзасында он жыл немесе бірнеше жылдар бойы, адам аурудың белгілерін сезінгенше өмір сүреді. Бұл кезең ішнде адам өзі сау сезінеді және бұл қоздырғышты басқа адамдарға таратады.

Әлемдік статистика!

Әрбір алтыншы адам қандай да бір жыныстық жолмен берілетін жұқпамен зардап шегеді. АҚТҚ мен өмір сүретін 9 және  10 адам жыныстық жолмен таралатын жұқпа ауруымен ауырғанын білмейді (ЖЖБЖ) – бұл  топтар жыныстық жолмен берілетін байланыста жұқпаланғандар.

ЖЖБЖ және АҚТҚ-дан қалай қорғануға болады?

Жұқпа сау адамының ағзасындағы барлық биологиялық сұйықтықтарында, сонымен бірге зақымдалған шырыш қабыршақтарында  пайда болады. (көбінесе жыныстық мүше арқылы). Қоздырғыштар адам ағзасына мүшеқапсыз сексуалдық байланыста, немемсе залалсыздандырылмаған құралдарды қолданғанда  түсуі мүмкін.

Адам ЖЖБЖ және АҚТҚ өзінің әрекеті мен қозғалыстарында жұқпаланады.

АҚТҚ және ЖЖБЖ жұқпайды:

  • қол алысу, құшақтасу,сүйісу;
  • клавиатура,тұрмыстық заттарда;
  • жалпы заттар:ақша, кітап, § тарақандарға арналған сіркесу;
  • тер, сілекей, жас, жөтел ;
  • төсек орын және іш киімдер;
  • жалпы ыдыстар және тамақ.
  • су (жалпы бассейн, ванна, душ, дәретхана, туалетом)

ЖЖБЖ және АҚТҚ –мен жұқпаланбау үшін не істеу керек?

  • кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болыңыз;
  • егер серіктесіңізге немесе сексуалдық тәртіпке сенімді болмасаңыз үнемі мүшеқапты қолданыңыз;
  • жалпы инемен, , татуировка жасайтын құралдар, пирсинг, маникюр, педикюр, қырыну құралдарымен қолданбаңыз;
  • нашақорлық заттарды қолданбаңыз.

АҚТҚ-ға тексеріс анонимді және тегін түрде кез-келген емдеу-алдын алу мекемелерінде өтуге болады.