- Толығырақ
- Автор: Администрация
МӘМС төлемдері төлеушілердің әр санаты үшін әр түрлі мөлшерде болады ✔️Жұмыс берушілердің аударымдары қызметкерлер жалақысының 3%-ын құрайды, аударымдардың ең жоғары сомасы 25 500 теңгеден аспайды, бұл 10 ЕТЖ-нің 3% - ы. Айта кету керек 2024 жылдан бастап, 1 ЕТЖ 85 000 теңгені құрайды ✔️ Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (АҚС) бойынша табыс алатын қызметкерлер мен жеке тұлғалардың жарналары 2024 жылы олардың табысының 2% - ын құрайды, бұл ретте, егер жалақы мөлшері 10 ЕТЖ жоғары болса, онда тек осы сомаға ғана салық салынады және жарнаның ең жоғары сомасы 17 000 теңгені құрайды 👨 💼 💰 Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатындардың жарналары 5 950 теңгені немесе 1,4 ЕТЖ-нің 5% - ын құрайды 👨💼 ✔️ Дербес төлеушілер үшін жарна сомасы 4 250 теңгеге тең (1 ЕТЖ-дан 5%)
‼️‼️‼️Қызылша – бұл қауіпті вирустық ауру, ауа—тамшылы жолмен таралады, күрделі асқынуына ұласуы мүмкін, әсіресе балалар арасында.
🌡Белгілері
🔸 температура көтерілуі
🔸жөтел
🔸тұмау
🔸конъюктивит (көздің шырышты қабығының қабынуы)
🔸қызылша бөртпесі
🛌 Ауру басталып, бірнеше күн өткеннен кейін қызылша бөртпесі бетке шығып, содан кейін бүкіл денеге таралады. Бөртпе 4 күннен 7 күнге дейін болуы мүмкін.
🦠 Қызылша пневмония (өкпе қабынуы), энцефалит (ми қабынуы) секілді күрделі асқынуларға ұласып, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
Егерде Сізде немесе балаңызда қызылша белгілері бар деген күдік болса, онда дәрігерге жүгіну қажет.
- Толығырақ
- Автор: Администрация
Жаңа жыл көптеген жаңа жетістіктер, мықты денсаулық және махаббат әкелсін, ойлағандарыңыз орындалсын. Әр үй бақыт пен мейірімділікке толы болсын. Шабыт пен махаббат өмірді нұрлы және жарқын етсін. Келе жатқан жыл жарқын болсын, туыстарыңыз бен жақындарыңыздың жүздеріне көптеген жағымды эмоциялар, денсаулық, молшылық пен шаттық әкелсін. Бұл жыл біз үшін ұмытылмас жыл болсын!
- Толығырақ
- Автор: Администрация
- Толығырақ
- Автор: Администрация
Қызылша дегеніміз не және ол несімен қауіпті?
Қызылша – дене қызуының 38-40° С-қа дейін көтерілуімен, жалпы уланумен,шырышты көз, мұрын жұтқыншақ, жоғарғы тыныс алу жолдарындағы қабыну құбылыстарымен, кейіннен бөртпенің пайда болуымен сипатталатын жіті инфекциялық ауру. Жалпы әлсіздік пайда болып, бас ауырып,тәбет төмендейді, ұйқы бұзылады.
- Толығырақ
- Автор: Администрация
22 желтоқсан күні №22 және №20 балабақшаларында «Қызылшаның алдын алу және иммундау» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
- Толығырақ
- Автор: Администрация
📌Қызылша-жедел жұқпалы ауру. Ол ауыр асқынулармен қауіпті. Қызылшаны арнайы емдеу жолы жоқ. Қызылша ауруынан тек вакцина алу арқылы ғана қорғануға болады. Балалардағы қызылшаның алдын алу жоспарлы вакцинация түрінде екі кезеңде (1 және 6 жас аралығында) жүргізіледі. Одан кейін иммунитет ұзақ уақыт сақталады.
- Толығырақ
- Автор: Администрация
Қызылша - ауа тамшылары арқылы берілетін қауіпті инфекциялық ауру. Бұл инфекциямен ауыратындардың көпшілігі балалар, олардың көпшілігі қызылшаға қарсы профилактикалық егуді уақтылы алмаған.