+7 (71063) 7-99-66

Емханаға тіркелу электрондық үкімет порталы арқылы (https://egov.kz/cms/ru/services/child/494pass_mz) тиісті мемлекеттік қызмет шеңберінде жүзеге асырылады. Алдымен өзіңіздің тұратын аумағыңыз қай емханаға қарайтынын анықтау қажет. Мұны аймақтық анықтама қызметі арқылы білуге болады (мысалы, Жезқазғанда – 109 нөмірі).

Содан кейін порталда авторизациядан өтіп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет. Жеке кабинетте (қызметтер алу тарихы бөлімінде) өтініміңіздің қаралуы жөнінде хабарламамен танысуға болады.

Қызмет көрсету мерзімі өтіп кетсе, сіз тіркелуге сұраныс жіберген медициналық ұйымға тікелей жүгіне аласыз.

Тіркеуден бас тартпас үшін алдын ала емханада бос орындардың бар-жоғын нақтылап алған жөн.

#мәмсҰлытау

#фсмс Ұлытау

Құрметті медицина қызметкерлері!

Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін.

Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш - жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер.

Кәсіби мерекелеріңізбен!

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ұлттық науқан
2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ұлттық науқан
2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында 👧🏻👶«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ»
Национальная кампания, посвященная Международному дню защиты детей
С 22 мая по 1 июня 2025 года

 

 InShot_20250526_141023151.jpgInShot_20250526_153540142.jpg

2025 жылғы 15 мамырда «Репродуктивті денсаулық апталығы» аясында Сатпаев қалалық поликлиникасының Жастар денсаулығы орталығы мамандарының Сатпаев индустриалды колледжіне шығу іс-шарасы өтті.

Іс-шара барысында колледж студенттеріне келесі тақырыптарда дәрістер оқылды: 

– «АИТВ/ЖЖБИ-ның алдын алу» 

– «Салауатты өмір салты»

Сондай-ақ, ЖЖБИ мен АИТВ бойынша ақпараттық материалдар таратылды.

ПМСП ұйымының холлдарында «Жүктіліктің ерте кезеңін алдын алу» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.

IMG-20250515-WA0075.jpgIMG-20250515-WA0076.jpgIMG-20250515-WA0078.jpgIMG-20250515-WA0079.jpg

💐Құрметті медбикелер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздің жұмысыңыз – жоғары кәсібилікті ғана емес, ерекше рухани сезімталдықты да қажет ететін күнделікті мейірім ерліктері.

Сіз ең қиын сәттерде пациенттер үшін қамқоршы періштелерге айналасыз, оларға қамқорлық пен ықыласпен қолдау көрсетесіз және олардың сауығуына үміт артасыз.

Сіздің мерекеңіз емделушілер мен әріптестердің шынайы алғыс сөздеріне толы болсын. Деніңізге саулық, жаныңызға тыныштық, отбасыңызға амандық, игі істеріңізге қуаныш тілейміз.

Құрметпен және жылылықпен,
ШЖҚ КМК «Сәтбаев қаласының емханасы» әкімшілігі.

IMG_20250512_131220.jpgIMG_20250512_135932.jpg