+7 (71063) 7-99-66

27bf7398-506c-419c-84b9-b5c803391fa0.jpeg

Жыныстық жолмен таралатын жұқпа (ЖЖБЖ) - бұл аурулар тобы, жыныстық қатынас арқылы таралатын ауру. АҚТҚ- жұқпасы – бұл ауру, адамның иммунитет жетіспеушілігін тудырған жұқпа. ЖҚТБ – адамның иммундық жүйесінің бұзылуынан пайда болған ауру. Бұл АҚТҚ-жұқпасының (терминалды) соңғы кезеңі. Қоздырғыш адамның ағзасында он жыл немесе бірнеше жылдар бойы, адам аурудың белгілерін сезінгенше өмір сүреді. Бұл кезең ішнде адам өзін сау сезінеді және бұл қоздырғышты басқа адамдарға таратады.

Әлемдік статистика!

Әрбір алтыншы адам қандай да бір жыныстық жолмен берілетін жұқпамен зардап шегеді. АҚТҚ мен өмір сүретін 9 және  10 адам жыныстық жолмен таралатын жұқпа ауруымен ауырғанын білмейді (ЖЖБЖ) – бұл  топтар жыныстық жолмен берілетін байланыста жұқпаланғандар. АҚТҚ-жұқпасы – бұл ауру, адамның иммунитет жетіспеушілігін тудырған жұқпа. ЖҚТБ – адамның иммундық жүйесінің бұзылуынан пайда болған ауру.

Қоздырғыш адамның ағзасында он жыл немесе бірнеше жылдар бойы, адам аурудың белгілерін сезінгенше өмір сүреді. Бұл кезең ішнде адам өзі сау сезінеді және бұл қоздырғышты басқа адамдарға таратады.

Әлемдік статистика!

Әрбір алтыншы адам қандай да бір жыныстық жолмен берілетін жұқпамен зардап шегеді. АҚТҚ мен өмір сүретін 9 және  10 адам жыныстық жолмен таралатын жұқпа ауруымен ауырғанын білмейді (ЖЖБЖ) – бұл  топтар жыныстық жолмен берілетін байланыста жұқпаланғандар.

ЖЖБЖ және АҚТҚ-дан қалай қорғануға болады?

Жұқпа сау адамының ағзасындағы барлық биологиялық сұйықтықтарында, сонымен бірге зақымдалған шырыш қабыршақтарында  пайда болады. (көбінесе жыныстық мүше арқылы). Қоздырғыштар адам ағзасына мүшеқапсыз сексуалдық байланыста, немемсе залалсыздандырылмаған құралдарды қолданғанда  түсуі мүмкін.

Адам ЖЖБЖ және АҚТҚ өзінің әрекеті мен қозғалыстарында жұқпаланады.

АҚТҚ және ЖЖБЖ жұқпайды:

  • қол алысу, құшақтасу,сүйісу;
  • клавиатура,тұрмыстық заттарда;
  • жалпы заттар:ақша, кітап, § тарақандарға арналған сіркесу;
  • тер, сілекей, жас, жөтел ;
  • төсек орын және іш киімдер;
  • жалпы ыдыстар және тамақ.
  • су (жалпы бассейн, ванна, душ, дәретхана, туалетом)

ЖЖБЖ және АҚТҚ –мен жұқпаланбау үшін не істеу керек?

  • кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болыңыз;
  • егер серіктесіңізге немесе сексуалдық тәртіпке сенімді болмасаңыз үнемі мүшеқапты қолданыңыз;
  • жалпы инемен, , татуировка жасайтын құралдар, пирсинг, маникюр, педикюр, қырыну құралдарымен қолданбаңыз;
  • нашақорлық заттарды қолданбаңыз.

АҚТҚ-ға тексеріс анонимді және тегін түрде кез-келген емдеу-алдын алу мекемелерінде өтуге болады.

 

АЛДЫМЕН АЗҒАНА СТАТИСТИКАДАН БАСТАЙЫҚ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша ДДСҰ-ның Еуропалық өңірінде, оған Қазақстан да кіреді, кәмелетке толмағандардың 29%-ы артық салмақты немесе семіздікке шалдыққан.

ҚР ДСМ ҰҚДСО деректеріне сүйенсек, соңғы зерттеулер (2020 ж.) нәтижесіне сәйкес Қазақстандағы балалардың 20,6 %-да артық салмақ пен семіздік анықталған. Сонымен қатар бұл мәселенің ұлдар арасында таралуы қыздарға (17,6%) қарағанда жоғары болды (23,6%). Ауылдық жерлердегі балалармен (17,5%) салыстырғанда қалада тұратын балалар арасында артық салмақты немесе семіздікке шалдыққандары (23,1%) анағұрлым көп болғаны байқалды. Бұл артық тамақтанумен бірге, аз қозғалысты өмір салты артық салмақ пен семіздіктің себептерінің бірі болып табылатынын көрсетеді.

СЕБЕПТЕРІ ТУРАЛЫ

Сарапшылардың есептеуі бойынша 98% жағдайда семіздіктің себебі дұрыс емес өмір салтында, төмен физикалық белсенділікте және дұрыс тамақтанбауда/артық тамақтануда жатыр. Қалған 2% зат алмасу бұзылуларына, эндокриндік патологияға, белгілі бір дәрілерді ұзақ уақыт қабылдауға (гормондық препараттар, антидепрессанттар) және тұқым қуалайтын факторға байланысты.

Бұл проблемада интернет пен гаджеттердің рөлін асыра бағалау қиын. Балалар компьютер, теледидар алдында, қолдарында смартфондармен ұзақ уақыт қимылсыз отырумен қатар, зиянды өнімдердің агрессивті жарнамасына да ұшырайды.

Белгілі болғандай, балалар мен жасөспірімдерге фаст-фуд, кондитерлік өнімдер мен тәтті газдалған сусындардың коммерциялық жарнамалары қатты әсер етеді. Қайта өңделген жоғары калориялы тағамдардың бұл санаты құрамында қант, тұз және май көп, сонымен қатар биологиялық құндылығы өте төмен, өйткені өңдеу барысында олар баланың денесінің қалыпты өсуі мен дамуы үшін өте қажет дәрумендер, тағамдық талшықтар мен басқа да пайдалы биологиялық белсенді заттардан айырылады.

Артық салмақ қосудың негізгі себебі – қарапайым, яғни жылдам көмірсулар мен майлардың (нан-тоқаш өнімдері, тәттілер, десерттер, тәтті газдалған сусындар, фаст-фуд, қуырылған тағамдар) басым болуынан, рационның калориялық мөлшері дененің энергия қажеттілігінен асып түседі, яғни энергетикалық теңгерімсіздік.

САЛДАРЫ ТУРАЛЫ

Артық салмақ пен семіздік денсаулықтың елеусіз проблемаларынан бастап күрделі проблемаларына әкелуі мүмкін:

· асқазан-ішек жолдарының аурулары (іш қату, диарея, гастрит, холецистит, панкреатит және т.б.);

· жүрек-қантамыр жүйесі жұмысындағы бұзылыстар;

· 2 типті қантты диабет;

· жыныстық дамудың бұзылуы;

· эндокриндік және метаболизмдік бұзылыстар;

· тірек-қимыл аппаратындағы бұзылыстар (артроз және т.б.)

· психологиялық бұзылулар (өзін-өзі бағалау проблемасы, комплекстердің дамуы, сыныптастарының мазақ етуі...)

· ұйқы апноэсі, булимия және т.б.;

АЛДЫН АЛУ

Ата-ананың міндеті – бала үшін ерте жастан бастап дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділік тәртібін ұйымдастыру.

1. Балаларыңызда дұрыс тамақтану әдетін қалыптастырыңыз!

· тұтынылатын қант мөлшерін азайту арқылы рационның калориясын шектеу (тәтті, кондитерлік өнімдер, газдалған тәтті сусындарды тұтынбау, бала кезінен су ішуге үйрету);

· фаст-фуд, шұжық, шұжықша, консервілерді шектеу;

· рационға майсыз ет, балық, табиғи сүт өнімдерін қосу;

· жемістер мен көкөністер, бұршақтар, тұтас дәнді және жаңғақтарды көбірек тұтыну.

Маңызды!

· жемістер, көкөністер мен су әрдайым балалардың көз алдында болуы керек!

· теледидар, компьютер, смартфон немесе басқа гаджеттердің алдында тамақ ішуге рұқсат бермеу керек!

· тағам мөлшерін азайту қажет (кішірек табақшаларды пайдалану).

2. Жастайынан баланың қимыл-қозғалысқа деген сүйіспеншілігін оятыңыз.

· Үлкен салмақпен (4кг>) туылған балалар толықтыққа бейім болады;

· Нәрестелермен дене шынықтыру, гимнастика жасап, бассейнге баруға болады (бассейнге 2-3 айдан бастап баруға болады);

· Мүмкіндігінше таза ауада көбірек серуендеңіз;

· Балалармен бірге таза ауада ойындар ойнаңыз;

· Баланы мектепке дейінгі жастан бастап спорт секциясына (балаға ұнайтын спорт түріне) беріңіз;

· Күнделікті дене белсенділігінің уақыты кемінде бір сағат болуы керек;

· Мектеп жұмысынан тыс кезінде экран алдындағы (компьютер, теледидар және мобильді құрылғылар) уақытты күніне екі сағаттан аспайтын етіп шектеңіз;

· Балалардың ұйқы режимін қатаң сақтаңыз! Артық салмақ балалар мен ересектерде ұйқының жеткіліксіздігімен байланысты екендігі дәлелденген. Орташа алғанда, балалар кем дегенде 9 сағат ұйықтауы керек.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

Ата-аналар өз балаларына салауатты өмір салтын ұстанудың үлгісі болуы керек! Бүкіл отбасы үшін салауатты өмір салтын ұйымдастыра отырып, өзіңіздің және балаларыңыздың денсаулығында проблема пайда болуының алдын аласыз.

 

IMG_20240304_144351.jpgAmerican_Food__by_http___deadfix.com_.jpg

 

Қазақстанда Алғыс айту күні көктемнің бірінші күні - 1 наурызда басталады. Ол 2016 жылдан бері тойланып келеді.
Алғыс айту күні Қазақстанның өткен ғасырда бастан кешкен тарихи оқиғаларының көрінісі болды. ҚР мемлекеттік саясаты барлық этнос өкілдерінің бейбіт, бірге өмір сүруіне бағытталған. Неліктен Алғыс айту күні 1 наурызда атап өтіледі? Тәуелсіз Қазақстан Республикасында 1995 жылғы 1 наурызда Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде Қазақстан халқы қауымдастығы құрылды. 2016 жылы құрылған мереке осы күнге сәйкес келді. Мереке еліміздің көпұлтты халықтары арасындағы достық, мейірімділік пен келісімнің көрінісі болуға арналған. Алғыс айту күні - бұл елдің барлық тұрғындарының бір-біріне деген құрметі мен сыйластығын көрсетудің белгісі.

 

IMG-20240301-WA0047.jpg

«Облыстық қан орталығы» КМК
Қан доноры🩸 болғысы келетін адамдарды шақырады.
➖18 жастан асқан, салмағы 60 кг төмен емес, қан тапсыруға қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар донор бола алады.
Қан тапсырғанға дейін 72 сағат бұрын ❌тамақтанудан майлы, қуырылған, ащы тағамдарды, алкагольді сусындарды алып тастау қажет, ⭕сұйықтықты көп ішу және қан тапсыруға демалып келу қажет.

🪪*Өзіңізбен бірге ЖЕКЕ КУӘЛІГІҢІЗ болсын!!!*
Байланыс телефоны 503033. Донорларға арналған ақпарат www.donorblood сайтында орналастырылған

 

 IMG_20240228_161547.jpg

IMG-20240227-WA0047.jpg

Темекі жыл сайын 7 миллионға жуық адамның өмірін жалмайды. Оның 6 миллионнан астамы темекіні қазір және бұрын тұтынғанддар болса, 890 000-нан өздері темекі шекпесе де түтіні салдарынан ажал құшады. Егер шұғыл шаралар қабылданбаса, 2030 жылға қарай жыл сайынғы өлім саны 8 миллионнан асуы мүмкін.
Темекі шегушілерде темекі жапырақтарында кездесетін никотинге тәуелділік тез қалыптасады. Ал бұл темекіге деген тәуелділікті тудырады.
Адам темекіні тастап, одан бас тартуға тырысқанда оның бойында
– ашуланшақтық;
– зейіннің төмендеуі;
– ұйқы проблемалары;
– тәбеттің жоғарылауы;
– темекіге деген құштарлық сынды белгілер пайда болады.
Никотиннен басқа темекі түтінінде шайыр, радиоактивті полоний, мышьяк, қорғасын, висмут, аммиак, органикалық қышқылдар сияқты бірқатар қауіпті химиялық заттар кездеседі. Бұл заттармен жедел улану жағдайлары іс жүзінде байқалмайды. Өйткені олар денеге баяу, дозаланған түрде еніп, соңында денсаулықтың біртіндеп нашарлауына әкеледі.
Көптеген темекі шегушілер сүзгісі бар темекі шегуді қауіпсіз деп санайды. Бірақ бұл қате түсінік. Егер фильтрлі сүзгілер зиянды заттардан толық қорғауды қамтамасыз етсе, онда олар никотинді өзі сіңіріп, темекі шегудің әсері еш сезілмеуі тиіс еді.
Жеңіл темекі шегушілер оның ағзаға әсер аз деп санайды. Алайда кез келген темекінің зияны бірдей.
Темекі шегушінің өзінен басқа айналасындағылар да зардап шегеді. Олар пассивті темекі шегушілер деп аталады. Ұзақ темекі шегу әртүрлі органдар мен жүйелердің ауруларына ұшыратады Ал темекі шегуді тоқтатқаннан кейін денсаулығыңыз жақсарып, ағзаңыз қалпына келе бастайды.
Біле жүріңіз! Темекі шегу ер адамның өмірін шамамен 12 жылға, ал әйелдің өмірін шамамен 11 жылға қысқартады.

IMG-20240223-WA0021.jpg

Оянсам — гипстемін. Егер фильмде бұл фраза, кейіпкердің құлауы - сценарийдің бөлігі болса, шынайы өмірде өз бойыңның биіктігінен құлау — әдетте ойламаған жерде орын алады. Құлап қалмау үшін не істеу керек, ал егер құлап қалған болсаңыз, қалайша жұмсақ құлауға болады? Біздің пайдалы инфографикамыз осы туралы болмақ.

IMG_20240222_122356.jpg