- Толығырақ
- Автор: Администрация
ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ:
- Сізге қоңырау шалған банк қызметкері
- Сізге қоңырау шалған КНБ, Полиция, Прокуратура немесе Президент аппаратының қызметкері
- Сізді «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС немесе КМС, Смелтинг, Барлау, Мэйкер секілді ұйымдарға жұмысқа орналастырамын деп ақша сұраған адам
- Инстаграм, Телеграм және Ватсапп мэссенджерлерінде медициналық сақтандыру және зейнетақы қорынан ақша шешіп беремін деп уәде берген тұлғалар
- Ұялы телефоныңызға Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін қосымшаларды орнатуды ұсынатын адам
- Толығырақ
- Автор: Администрация
Ұлытау облысында 12 тамызда Халықаралық Жастар күнін мерекелеуге орайластырылған "Жастармен бірге" ұлттық жастар онкүндігі аясында іс-шаралар өтуде.
Онкүндік күнтізбесіне сәйкес 5 тамызда Сәтбаев қаласындағы емхананың жастар денсаулық орталығында Ашық есік күні ұйымдастырылды.
"Денсаулық – зор байлық" ұранымен өткізілген іс-шаралар денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруды, салауатты өмір салтын насихаттауды көздеп, жастар мен жасөспірімдерді денсаулықты нығайту, дене белсенділігін сақтау, жаман әдеттерден аулақ болу, репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы, дұрыс тамақтану, контрацепция, скринингтің маңыздылығы және т. б. туралы ақпараттандыруға бағытталды.
ҰОДСБ «Сәтбаев қаласының емханасы» ШЖҚ КМК денсаулық орталығында қалалық ресурстық жастар орталығымен бірлесіп ауқымды іс-шара ұйымдастырылып, жастарға жан - жақты ақпараттық және консультациялық көмек көрсетілді.
Іс-шаралар барысында тілек білдірушілер түрлі экспресс-сынақтардан өтті, ақпараттық парақшалар, сондай-ақ контрацептивтер таратылды..
- Толығырақ
- Автор: Администрация
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттықорталығы қарақұрттың шағуынан қалай құтылуғаболатынын хабарлайды.
Қарақұрт қара жесір ретінде де белгілі. Қазақстанда,ұлттық энциклопедиядағы деректер бойынша,қарақұрттар еліміздің шөлді және дала аймақтарындакөбейеді. Қатты ыстық қарақұрттардың тез көбеюінежәне уыттылығының жоғарылауына әкеледі. Ұрғашылары қауіпті болып саналады. (Factcheck.kz).
Қарақұрт шағуының алдын алу:
- Қарақұрт мекендейтін, мысалы, қопа, ескі құрылыс, бөрене және тастар сияқты жерлерде болудан аулақболыңыз.
- Сыртта немесе өрмекшілердің мекендеуі мүмкінжерлерде жұмыс істегенде қорғаныс киімдерін, әсіресеқолғап пен ұзын жеңді киім киіңіз.
- табиғат аясында демалған кезде дұрыс орындытаңдаңыз, яғни кеміргіштердің ұяларының жанына, бұталардың, тастардың, құлаған ағаштар мен бұтақтардың қасына, сондай-ақ қоқыстардың жанынатоқтамаңыз, өйткені бұл орындардың бәрі өрмекшілерүшін баспана болуы мүмкін. Өрмекшілер, шаяндаржәне басқа да буынаяқтылардың бар-жоғын анықтауүшін төсек жабындылары мен жеке заттардытексеріңіз.
- өрмекшілер мен басқа жәндіктерден қорғану үшінмоскит торларымен жабдықталған палаткалардыпайдаланыңыз немесе демалыс орнын москитторымен қоршаңыз.
Егер сізді қарақұрт шағып алса?
1. Сабырлы болыңыз: үрейленбеуге тырысыңыз. Қарақұрттың шағуынан өлім сирек болады, әсіресеегер сіз тез арада қажетті шараларды қолдансаңыз, өлім қаупі болмайды.
2. Қозғалысты шектеңіз: удың бүкіл денеге таралуынбәсеңдету үшін қозғалмауға тырысыңыз.
3. Шаққан жерді тазалаңыз: инфекцияның алдын алуүшін шаққан жерді таза сумен және сабынменжақсылап жуыңыз.
4. Салқын компрессті қолданыңыз: ауырсыну мен ісінуді азайту үшін шаққан жерге мұз немесе салқын компресс қойыңыз. Теріге зақым келтірмеу үшін мұздыматаға ораңыз — мұзды тура теріге қоймаңыз, себебітікелей жанасу тіндерге зақым келтіруі мүмкін.
5. Ауырсынуды басатын дәрілер: ауырсыну мен қабынуды азайту үшін парацетамол немесе ибупрофен сияқты ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдаңыз.
- Толығырақ
- Автор: Администрация
#EGU.KZ #Вакцина #имунизация
- Толығырақ
- Автор: Администрация
Осыған байланысты, Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері облыс тұрғындарын және ата-аналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын сұрайды.
1. Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздың жанында болғаныңызбен, өз назарыңызды басқа нәрсеге аударған мезетте балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін.
2. Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, балаларға терезеге жақын орналасқан кереует немесе басқа да жиһаздардың үстінде ойнауына рұқсат бермеңіз.
3. Ешқашан терезедегі москиттік торларға сенбеңіздер! Олар құлаудан сақтауға арналмаған, құлап бара жатқан балаларыңызды қорғай алмайды! Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Көп жағдайда балалар осы тормен бірге құлап кетеді.
4. Мүмкіндік болса, терезені (желдеткішті) төменгі жағынан емес, жоғарғы жағынан ашыңыз.
5. Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмау үшін, терезелеріңізге бекіткіштер (арнайы бекіткіш) орнатыңыз!
❗️Жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды ескере отырып, Сіз жазатайым оқиғаның және қайғының алдын аласыз.