+7 (71063) 7-99-66

👩‍⚕️Адам папиллома вирусы – дененің әртүрлі бөліктерінің терісі мен шырышты қабаттарын зақымдайтын вирустар тобы. АПВ-нің 200-ден астам түрі бар, олардың 14 түрінде онкологияның (қатерлі ісік) даму қаупі жоғары.
📌Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырына шалдыққан әйелдердің 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі.
👩‍⚕️👨‍⚕️Жатыр мойны обырының алдын алудың жалғыз тиімді және қауіпсіз әдісі вакцинация. АПВ-ға қарсы вакцинасы әйелдерді осы аурудан қорғайды. АПВ-ға қарсы вакцинациялау туралы шешім қабылдау арқылы біз әйелдерді болашақта қатерлі ісіктен қорғаймыз.

FB_IMG_1727419075828.jpg

Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина әйелдердің репродуктивтік функциясына әсер етпейді және бедеулікті тудырмайды, бұл әлемнің дамыған елдеріндегі көптеген жылдар бойы жүргізілген клиникалық зерттеулерден дәлелденді.

Бұл бірде-бір клиникалық дәлелденген фактісі жоқ қоғамда белсенді түрде таратылған жалпы қате түсініктердің бірі.

Шын мәнінде, АПВ-дан вакцина әйелдерді жатыр мойны обырынан сақтайды, өйткені обыралды өзгерістер кезеңіндегі хирургиялық араласулар әйелдерде жүктіліктің басталуын қиындатуы мүмкін. Жатыр мойны обырын емдеу әйелдің бала туу мүмкіндігінен айырылуына әкеледі.

IMG_20240925_150603.jpg

19 сентября 2024 г в Гимназии имени Сакена Сейфуллина г.Сатпаев было проведено родительское собрание. На котором провели беседу о важности и пользы вакцинации против вируса папилломы человека (ВПЧ). Спикером выступила гинеколог КГП на ПХВ «Поликлиники г.Сатпаев» Жангабулова Майра Мукажановна.
Родители получили ответы на все волнующие их вопросы.
#ВАКЦИНАЛАРДЫҢЖҰМЫСЫ
#БАЛАЛАРДЫҚОРҒАҢЫЗ
#ВАКЦИНЫРАБОТАЮТ
#ЗАЩИТИМНАШИХДЕТЕЙ

InShot_20240920_161911180.jpg

news12709.jpg

 

 

ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ:

  • Сізге қоңырау шалған банк қызметкері
  • Сізге қоңырау шалған КНБ, Полиция, Прокуратура немесе Президент аппаратының қызметкері
  • Сізді «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС немесе КМС, Смелтинг, Барлау, Мэйкер секілді ұйымдарға жұмысқа орналастырамын деп ақша сұраған адам
  • Инстаграм, Телеграм және Ватсапп мэссенджерлерінде медициналық сақтандыру және зейнетақы қорынан ақша шешіп беремін деп уәде берген тұлғалар
  • Ұялы телефоныңызға Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін қосымшаларды орнатуды ұсынатын адам

 

Ұлытау облысында 12 тамызда Халықаралық Жастар күнін мерекелеуге орайластырылған "Жастармен бірге" ұлттық жастар онкүндігі аясында іс-шаралар өтуде.
Онкүндік күнтізбесіне сәйкес 5 тамызда Сәтбаев қаласындағы емхананың жастар денсаулық орталығында Ашық есік күні ұйымдастырылды.
"Денсаулық – зор байлық" ұранымен өткізілген іс-шаралар денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруды, салауатты өмір салтын насихаттауды көздеп, жастар мен жасөспірімдерді денсаулықты нығайту, дене белсенділігін сақтау, жаман әдеттерден аулақ болу, репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы, дұрыс тамақтану, контрацепция, скринингтің маңыздылығы және т. б. туралы ақпараттандыруға бағытталды.
ҰОДСБ «Сәтбаев қаласының емханасы» ШЖҚ КМК денсаулық орталығында қалалық ресурстық жастар орталығымен бірлесіп ауқымды іс-шара ұйымдастырылып, жастарға жан - жақты ақпараттық және консультациялық көмек көрсетілді.
Іс-шаралар барысында тілек білдірушілер түрлі экспресс-сынақтардан өтті, ақпараттық парақшалар, сондай-ақ контрацептивтер таратылды..