+7 (71063) 7-99-66

КМК ШЖҚ "Сәтбаев қалалық емханасы" Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу комиссиясы КМК ШЖҚ "Сәтбаев қалалық емханасы" байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның орналасқан жері: Ұлытау облысы, индекс 101301, Сәтбаев қаласы, Абай көшесі, 5, телефон: 8(71063)35924.

Конкурсты өткізу күні мен орны: 2025 жылдың «4» маусымы, Ұлытау облысы, индекс 101301, Сәтбаев қаласы, Абай көшесі, 5, 3-қабат, 302-кабинет.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Ересектер мен балаларға медициналық көмек көрсету.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңесіне сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар:

Жоғары білімінің болуы, сондай-ақ төмендегі талаптардың біріне сай келуі:

  • денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) басшылық лауазымда кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы;
  • денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуы.

Байқау кеңесінің мүшелігіне сайланбайтын тұлғалар:

  • өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  • банкрот деп танылған заңды тұлғаның жетекшісі болып шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам уақыт қызмет атқарған;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
  • байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық қатынаста тұрған тұлғалар.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде келесі мекенжайға тапсырылуы тиіс: Ұлытау облысы, индекс 101301, Сәтбаев қаласы, Абай көшесі, 5, 3-қабат, 302-кабинет.

Құжаттарды қабылдау басталатын күн – конкурс өткізу туралы хабарландыру мерзімді басылымда жарияланған күн.

Конкурсты өткізу күні – құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімінен кейінгі күн.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі – кандидат) төмендегі құжаттарды комиссияға ұсынады:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда);
  • қазақ және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • өмірбаяны (еркін нысанда);
  • кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
  • Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері беретін соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

         Қатысушы қосымша білімін, жұмыс тәжірибесін, кәсіби деңгейін растайтын ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттар, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орны басшылығынан ұсыныстар) ұсына алады.

Қатысушы конкурсқа түпнұсқа өтінімді конвертке салып, оның сыртында «Түпнұсқа» деп белгілейді. Конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және мекенжайы көрсетіледі. Кейін конверт сыртқы конвертке салынып, мөрленеді.

Ішкі және сыртқы конверттер:

  • тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) хабарландыруда көрсетілген мекенжайға жіберілуі керек;
  • «КМК "Сәтбаев қалалық емханасы" Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының байқау кеңесі мүшелерін іріктеу конкурсы» және «2025 жылдың 4 маусымына дейін ашуға болмайды» деген жазбалар болуы керек.

Конверттерді ашу күні мен уақыты: 2025 жылдың «4» маусымы сағат 10:00-де.

Бағалау нәтижелері бойынша конкурс комиссиясы талаптарға сәйкес келетін кандидаттарды іріктеп, бетпе-бет тілдесугешақырылады.

69f612c5722d0815c44f7507d582307f.jpg